10 күннен бері жоқ: Алматы облысында үш жасар қыз іздестіріліп жатыр
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің айтуынша, бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған.
"Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Бауыржан Әленов.