Friday, 22 November,2024

“10 млрд теңгеден асты”. Ел азаматтары VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Өткен жылы қазақстандықтар VIP-нөмірлерге 10 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Азаматтарға арналған үкіметтегілердің" айтуынша, 2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан. Ал ең жылдам сатылған нөмірлер мынадай екен: 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. "Әр нөмірдің бағасы - 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге). VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын