Thursday, 19 September,2024

10 жастағы қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген әке қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото

Алматы облысында өгей қызын 2 жыл бойы зорлап келген әке қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлердің айтуынша, қызының зорланғаны туралы арызды ер адамның азаматтық некедегі әйелі түсірген. Оның айтуынша, күйеуі өгей қызын екі жыл бойы зорлап келген.

Бұл дерек ҚК 120-бабы 4-бөлігімен қозғалып, Ақши ауылының 1985 жылғы тұрғыны қамауға алынды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Ұсынылатын