- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- 100 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін: Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтары парамен ұсталды
100 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін: Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтары парамен ұсталды
Антикор Шымкент және Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті бастықтарын парамен ұстағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, қамауға алынғандар қатарында министрліктің лауазымды тұлғалары да бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дерегіне сүйенсек, төтенше жағдайлар министрлігінің Комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталған.
Яғни жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленді.
Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді.
Пара сомасы 100 мыңнан 4 миллион теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
Бұдан басқа, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.
Күдіктілер ұсталып, УҰИ-на қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде.