Friday, 20 September,2024

11 жылға сотталған жігіт: “Қылмысқа анам үшін бардым”

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Есірткі саудасына қатысты айыпталып, 11 жылға сотталған Әлен Кәкіш түрмедегі өмірі туралы сыр шертті. 27 жастағы жігіт бұл қылмысқа анасы үшін барғанын айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Журналист Михаил Козачковтың Youtube-тегі «Засланный Козачков» арнасына сұхбат берген Әлен Кәкіш 11 жылға сотталған. Қазіргі таңда ол жазасын Алматы облысындағы Заречный түрмесінде өтеп жатыр.

Есірткі саудасымен айналысқаны үшін жазықты болған жігіт қылмысқа мүгедек анасы үшін барғанын жеткізді.

Оның айтуынша, көзі көрмей қалған анасына Операция жасату үшін қомақты қаражат қажет болыпты. Адал жолмен тапқан ақшасы жетпегендік тен Әлен осы қадамға барған.

«Әкесіз өстім. Анам үнемі ауыратын. Көзі дұрыс көрмейді. Сол анамның көзіне операция жасату үшін ақша керек болды. Бұдан бөлек жақсы өмір сүргім, ел қатарлы жүргім келді. Сондықтан да осы қадамға бардым. Осы түрмеде отырған 800 адамның тең жартысы есірткіге байланысты сотталғандар. Жазасын өтеп жатқандардың арасында жастар өте көп. 19-20 жастағы жас жігіттерді көргенде өзім де таң қалдым. Қазақстанда анама 4 Операция жасаттық, бірақ көмектеспеді. Шетелде жасату үшін қомақты қаражат керек болды. Содан осы есірткі саудасына кеттім», - деді Әлен Кәкіш.

Поколонение «Меф» фильмінің бірінші бөлімін Михаил Козачковтың Youtube-тегі  «Засланный Козачков» арнасынан көре аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын