12 маусым – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні
Алмас Абылай
Фото
12 маусым Семей орманындағы алапат өрттен қаза болғандарды аза тұту күні, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Абай облысындағы орман өрті 8 маусым күні тұтанды. Алапат өрт бірнеше күнде 60 мың гектар алқапқа жайылды. Тілсіз жауды сөндіру кезінде 14 адам көз жұмды.
Кейін олардың аты-жөндері мен суреттері жарияланды.
Сондай-ақ, алапат өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрі Ильин орнын босатты.
Көп ұзамай оқиға орнынан ел Президенті барды. Мемлекет басшысы қайтыс болған қызметкерлер отбасыларына көңіл айтып, жақындарымен кездесті.