Saturday, 23 November,2024

12 жылға сотталған Mudarabah Capital басшысының анасы қарттар үйін паналап жүр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

12 жылға сотталған Mudarabah Capital басшысы Руслан Буркановтың анасы қарттар үйін паналап жүр. Бұл туралы Алматыдағы аппеляциялық алқа отырысында Буркановтың адвокаты – Анар Катебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Руслан Бурканов – анасының жалғыз ұлы. Қазір анасы мемлекет қамқорлығында, яғни қарттар үйінде тұрады. Себебі зардап шеккендердің шығынын өтеу үшін қорғаушым пәтерін сатуға мәжбүр болды”, - деді Анар Катебаева.

Айта кетейік, қаржы пирамидасын құрған Руслан Бурканов 2021 жылы тұтқындалған болатын. Ол 12 жылға сотталды. Сондай-ақ осы Mudarabah Capital компаниясына қатысы бар вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та қазіргі уақытта түрмеде отыр.

Ұсынылатын