Sunday, 8 September,2024

13 адамның мәйіті табылды: Алматыдағы хостелде шетел азаматтары да тұрған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы қалалық ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың айтуынша, хостелде қазақстандықтардан бөлек, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары да тұрған, деп хабарлайды Uaqyt.infо.

Өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен соң, оқиға орнына бірден 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 46 адам жіберілді. Олар оқиға орнына жеткен уақытта, 7 минуттан соң жатақхананың бірінші қабаты қатты түтіндеп жатқаны анықталды. Хостелге айналдырылған жертөледегі өртті сөндіру кезінде 59 адам өздігінен эвакуцияланғаны белгілі болды, алдын ала мәлімет бойынша шамамен 72 адам тұрған, 13 адамның мәйіті табылды”, - деді Нұрлан Атығаев.

Ұсынылатын