- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке байланысты бір адам күдікті деп танылды
13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке байланысты бір адам күдікті деп танылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Прокуратура "Almaty" хостелінде 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты бір адамның күдікті ретінде танылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Прокуратура мәліметінше, күдіктінің үстінен ҚК 292-бабы 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Аталған қылмыстық іс бойынша 1 адам күдікті ретінде танылды. Қазір Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру өтіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 30 қараша сында Алматыдағы Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан болатын.