13 млн пара алған: Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы сотталды
Uaqyt.info

Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.
Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.