Friday, 3 May,2024

1300 шақырымға шабыс: Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ ат спортынан жарыс басталады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізде 3 күннен кейін қазақ жылқыларының шыдамдылығын әлемге тағы бір дәлелдейтін үлкен жарыс басталады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Былтыр алғаш ұйымдастырылған "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі биыл да жалғасын таппақ. Бірақ бұл жарыстың ерекшелігі – қашықтықтың ұзаруында.

Былтыр шабандоздар 1200 шақырымды бағындырса, биылғы қатысушылар 1300 шақырым жолды шауып өтуі тиіс. Сонымен қатар, шабандоздарға астындағы жылқыларын тек жол ортасында, яғни 650 шақырымнан кейін ғана ауыстыруға рұқсат.

Осылайша қазақ жылқыларының төзімділігін әлемге дәлелдеу, дәріптеу, көрсету көзделеді.

"Ұлы дала жорығы-2023" марафон-бәйгесінің маусымы 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар (Ильинка) ауылында басталады. Шабандоздар Астанадан Түркістанға дейінгі бағытты 14 күн ішінде бағындыруы керек.  

Ұсынылатын