Saturday, 27 July,2024

139 млн доллар: Пикассоның картинасы сатылды

Uaqyt.info
Фото

Аты әлемге әйгілі суретші Пабло Пикассоның туындысы аукционда 139 миллион долларға сатылды. Біртуар тұлға «Сағат таққан әйел» атты картинасын 1932 жылы салған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, бұл биылғы аукционда ең қымбатқа сатылған туынды. Сатылымға шығармас бұрын бұл картинаның құны 120 миллион долларға бағаланған. Әзірге Пикассоның әйгілі шығармасын кімнің сатып алғаны белгісіз.

Пабло Пикассо 1881 жылы Малагада дүниеге келген. Кейін ол Парижге қоныс аударады. Ол 20 ғасырдың ең атақты суретшілерінің бірі.

Ұсынылатын