Saturday, 23 November,2024

14 жылдан кейінгі кездесу: Уәлибек пен Жұлдызай татуласты ма?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жұлдызай Дүйсенбиева мен Уәлибек Әбдірайымов 14 жылдан кейін кездесті. Актриса “Шаншар” театрының концертіне барып, бұрынғы ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Концертке көрермен ретінде келген Жұлдызай Дүйсенбиева бұрынғы әріптестерімен кездескенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда актрисаның Уәлибек Әбдірайымовқа сәлем беріп, құшақтасып жатқанын көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева бұрынғы ұстазына деген ренішін айтып, араласпай кеткенін айтқан болатын.

"Шаншардың" мерейтойы дегесін, арнайы ат басын бұрдық. Алғаш рет көрермен болдым. Менің сахнада ойнағанымды сағындыңыздар ма?", - деп жазды актриса.

Ұсынылатын