Sunday, 8 December,2024

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Құрметті достар, халықаралық отбасы күнін атап өтуде. БҰҰ бас ассамблеясы осыдан 31 жыл бұрын отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру үшін бұл мерекені белгілеген болатын. Әрине, адам өмірі отбасыдан басталады. Онда оның балалық шағы, тұлға болып қалыптасу жолы өтеді. Сондықтан отбасы махаббат пен құрметтің, ынтымақтың ұясы болып қала берері анық. Ал адам онсыз өмір сүре алмайды. Қазақстан халқы үшін отбасының орны ерекше. Отбасы өмірдің негізгі құндылықтарының, мәдениетінің, сақтаушысы”, - деді министр.

Бұл мереке 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының шешімімен бекітілген болатын.

Ұсынылатын