- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- “15 млн-ға сатылған”. Депутат Алматы облысындағы мектептің жекенің қолына өткендігін айтты
“15 млн-ға сатылған”. Депутат Алматы облысындағы мектептің жекенің қолына өткендігін айтты
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылындағы мектеп 15 миллион теңгеге сатылып кеткен. Депутат Мақсат Толықбай 250 оқушыға арналған Ломоносов атындағы орта мектептің мәселесін көтерді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мақсат Толықбайдың айтуынша, ауылдағы нашар деген үйдің бағасы – 17 миллион теңге тұрады. Ал ауылдың дәп орталығында орналасқан мектепті жекенің қолына 15 миллион теңгеге сатып жіберу – масқара. Депутат Қарасай ауданы әкімдігіне мәселені екі айдың ішінде шешуді талып етіп, үндеу жолдады.
“Ломоносов атындағы орта мектепке соңғы жылдары толығымен ремонт жасалып, жаңадан спорт залын салып берді. Ауыл балалары қуанып жүргенде, мектепті жекенің қолына сатып жіберген. Кім сатады? Әрине, оны әкімдіктен басқа кім сатушы еді. Ол біреуден алған 15 млн теңгеге сатқан, одан тізбектеліп, әрі қарай 80 млн-ға басқа біреуге сатқан. Бұл мәселені прокуратураға айтып, қайда қарап отырғанын сұрадым. Олар «шамамыз келмейді» дейді. Сот біздің шағымымызды қабылдамайды деп отыр. Тез арада қайтарыңыздар, әйтпесе бүкіл фамилиясының соңына дейін жетемін, екі ай уақыт береміз ”, - дейді депутат.