15 жастағы көкпаршы қыз жұртты сүйсінтті
Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info
Ғаламторда көкпар тартып жүрген қыздың видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алтынай есімді қыздың бейнежазбасын журналист Ербол Мәндібек Facebook-тегі парқшасында жариялады. Онда аттың құлағында ойнап жүрген қаршадай қызды көруге болады. Оның айтуынша, көкпарға келгеніне бір жылдай уақыт болыпты.
“Өзіме көкпар тартқан ұнайды. Бір жыл болды көкпар ойнап жүргеніме. Әзірге салым сала алмаймын, бірақ жерден іліп жүрмін. Әкем басында қарсы болған еді. Кейіннен рұқсатын берді”, - дейді Алтынай.
Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз. Желі қолданушылары батыр қызға түрлі тілек айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр. Uaqyt.info бұған дейін көкпар тартып жүріп, аяғын төрт жерден сындырып алған Бейбіт Ыстыбаев туралы жазды.