15 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті Жетісу облысында ұсталды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Жетісу облысында есірткі қылмысы бойынша 15 жыл бұрын іздеу салынған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жетісу облысы полиция департаменті дерегіне сүйенсек, күдікті Көксу ауданында ұсталған. 51 жастағы азамат 2008 жылдан бері Ресейде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
"Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. Белгіленген ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін "Келу туралы міндеттеме" бұлтартпау шарасы таңдалды",- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.