Friday, 20 September,2024

17 адам зардап шекті: Алматыда автобустар соқтығысты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматыда автобустар соқтысып, соның салдарынан 17 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №54 бағыттағы автобустың жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан №133 бағыттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан №133 автобус қатар келе жатқан №88 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», - деп хабарлады Алматы полициясы.

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің мәліметінше, науқастардың бәрінің жағдайы орташа ауырлықта, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Ұсынылатын