2 адам жарақат алды: Белгородтағы жарылыс бейнежазбасы тарады
Ресейдің Белгород қаласында жарылыс болды. Түнгі мезгілде тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат құлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жарылыс бейнежазбасы ВВС жариялады. Дерекке сүйенсек, жарылыс Белгород қаласындағы орталық көшелердің бірінде орналасқан тұрғын үйде болған. Салдарынан 2 адам зардап шекті. 4 пәтер мен ауладағы 4 көлік зақымдалған. Қала губернаторы Вячеслав Гладковтың сөзінше СУ-34 ұшағында ақау болып, жарылғыш заттың бірі құлаған.
"Бір әйел бас-ми жарақатымен орташа ауыр халде, ауруханада ем қабылдауда. Екіншісі дене жарақатының жеңілдігіне байланысты ауруханада жатудан бас тартты. Оқиға Шаландина көшесіндегі тұрғын үйде болды. Бұл бойынша сараптама жұмыстары жүргізіледі", - дейді қала губернаторы.
Ал тұрғындар болса алдымен ысқырық естілгенін, араға 12 секунд салып қатты жарылыс болғанын айтуда. Ал тағы басқалары жарылғыш заттың алдымен жерге құлап, содан кейін жарылғанына тоқталған.