2 жыл бойы зорлаған: Полиция өгей әке әрекетіне байланысты пікір білдірді
Алматы облысы Ақши ауылындағы жағдайға полиция пікір білдірді. Бұған дейін Іле ауданында өгей әке 6-сынып оқушысын зорлағанын жазған едік, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция болған жайтты растады. Тіпті жәбірленуші анасы ер адамның қызына 2 жыл қорлық көрсеткені туралы арызданған.
"Іле ауданы ПБ-ға 2023 жылғы 28 тамызда 1990 жылғы М. есімді азаматша оның 1985 жылғы күйеуі 2021 жылғы сәуірден 2023 жылғы маусымға дейін кішкене қызымен (10 жастағы) жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арызданғанын хабарлаймыз. Аталған дерек ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысына сәйкес түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады", - делінген ақпаратта.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Еске салайық, бұған дейін Іле ауданы, Ақши ауылында өгей әкесі әйелімен еріп келген қызын зорлағанын жазған едік.