Saturday, 23 November,2024

20 жылдан кейін қайта келген тыйым: Тәліптер адамды аздырады деген желеумен музыкалық аспаптарды өртеп жатыр

Алмас Абылай
Фото

Ауғаныстанда "Талибан" экстремистік қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған) мыңдаған доллар тұратын музыкалық аспаптар мен аппаратураларды өртеп жатыр. Пікірлерінше бұл моральдық азғындауға алып келеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, елде гитара, халықтық перкуссиялық аспаптар, күшейткіштер мен колонкаларды Герат провинциясындағы тәліптердің діни полициясы өртеп жіберген. Мұның көп бөлігі той өтетін орындардан тәркіленіпті.

Ал шығармашыл азаматтар қазіргі биліктің бұл әрекетін "мәдени геноцид және музыкалық вандализм" деп отыр. Тіпті ауған халқын шығармашылық еркіндіктен айырып жатқаны да айтылуда.

Ауғаныстанда 1990 жылдардың ортасынан 2001 жылға дейін қоғамдық шараларда, радио және телеарналарда кез келген музыканы орындауға тыйым салынды. Кейін зайырлы үкімет музыкаға ерік берді. Бірақ 2021 жылдың тамызында "Талибандар" қайта оралғанда көптеген музыканттар шетелге қашуға мәжбүр болған.

Ұсынылатын