Thursday, 28 March,2024

2040 жылы Алматының келбеті қандай болады?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ел Үкіметі Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті. Алдағы онжылдыққа қала дамуының нақты тұжырымдамасы пайда болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы әкімдіктің ресми арнасы хабарлады. Онда Алматыда бес жаңа полиорталық құрылатыны айтылған. Олардың әрқайсысы өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан болады. Әрі өмір сүруге ыңғайлы, барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген іскерлік белсенділік орталықтарына айналады.

Бас жоспарда жаңа мектептер, ауруханалар салу, жасыл аймақтарды, саябақтар мен алаңдарды көбейту көзделген. Алматыға «жасыл қала» атағы қайтарылады. Қоғамдық көлік ыңғайлы болады. Автобустар газ бен электр тартқышқа ауыстырылады, метро желісі, ЖРК және т.б. салынады. 

Мұның бәрі алдағы онжылдықтарда Алматының жасыл, таза, қауіпсіз және қала тұрғындары үшін жайлы болуына мүмкіндік береді.

Ұсынылатын