Friday, 22 November,2024

“23 жыл жауапсыз махаббатпен өмір сүрдім”. Меруерт Түсіпбаеваға қарамай кеткен кім?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева құлай сүйген ғашығының қарамай кеткенін айтты. Ол репертуарындағы барлық әнін сол жанға арнаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жауапсыз махаббаттың құрбаны болған әншінің видеосы ғаламторда тарады. Онда Меруерт Түсіпбаева жақсы көрген адамына қол жеткізе алмағанына қынжылыс білдірген. Оның айтуынша, ол барлық әнін сол адамға арнапты. Алайда әнші  жауапсыз махаббатының кім екенін жұмбақ күйінде қалдырды.

“Менің ойымша, өмірде гармония жоқ. Егер біздің өмірімзде гармония болса, біз Алланы ұмытып кететін едік.  Адам өзінің сана-сезімінде өмір бойы біреуді аңсап өтеді екен. Егер мен сәтсіз махаббатты басымнан өткізбесем, бәлкім мен ешқашан Меруерт Түсіпбаева болмас едім. Өйткені менің барлық әндерім сол кісіге арналған. Ол кісі бар, бірақ үміт жоқ, - деді Меруерт Түсіпбаева

@ai_yergesh

Жауапсыз махаббатты бастан кешіріп көрдіңіз бе? 👇

♬ Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба - Кеңес Әлімжан

Ұсынылатын