24 жылдан кейінгі рұқсат: Елімізде киік ауладың нақты мерзімі белгіленді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қазақстанда киік аулаудың нақты датасы бекітілді. Құжат бойынша жануарларды 1 жарым ай атуға рұқсат, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, еліміздің биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы жас және жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан киіктерді аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеуді ұсынды.
"Ақбөкендерді сақтау бойынша қабылданған шаралардың арқасында қазір олардың саны 1,9 млн бас, оңтайлы саны 770 мың бас болды", - делінген негіздемеде.
Еске сала кетсек, 1999 жылдан бастап киік санының күрт азаюына байланысты, Қазақстанда ғылыми мақсатты қоспағанда, оны 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынған болатын.