25 жылдың ішінде кімдерге тегін газ тартылды?
![](https://uaqyt.info/storage/images/uDC0JZ7iXjiqHKjiyZA4krr0SEZaQGcb6e8x2DWJ.jpg)
Алматы облысы газ шаруашылықтары ассоциациясының негізін қалаушы Молдияр Нұрбаев Алматы, Алматы облысындағы бірқатар елді-мекенге тегін газ тартып берген меценат. Атымтай жомарттығымен аты шыққан азаматтың халыққа жасаған жақсылығы өте көп. Uaqyt.info соның бір парасын назарларыңызға ұсынады.
Молдияр Нұрбаев - Алматы облысы газ шаруашылықтары ассоциациясының негізін қалаған адам. Оның компаниясы Алматы қаласындағы Алатау және Наурызбай аудандарын, Алматы облысындағы Қарасай, Талғар және Жамбыл аудандарын газбен қамтамасыз етеді. Биыл осы ірі компанияға 25 жыл толып отыр. Айта кетейік, ассоциация құрамына газ жеткізу қызметін атқаратын үш газ тарату ұйымы кіреді. Олар:
• ТОО «Тауекел-Н-Алғабас»,
• ТОО «Тауекел-газ құбыры»,
• ТОО «Жетісу газ құбыры».
Бұл компаниялар 25 жылдан астам уақыт бойы 90 мыңнан астам тұрмыстық және коммуналдық тұтынушыларға, сондай-ақ әлеуметтік сала нысандарына тұрақты және үзіліссіз газ жеткізуді қамтамасыз етіп келеді. Айта кету керек, бұл жұмыстарды компания мемлекеттік инвестицияларға жүгінбей, өз қаражатына жүргізеді.
Молдияр Нұрбаевтың айтуынша, компания 2013 жылы Алматының Алатау ауданында қуаты 60 000 м³/сағ болатын газ тарату станциясын салса, 2018 жылы Алматы облысының Талғар ауданында қуаты 30 000 м³/сағ болатын газ тарату станциясының құрылысын аяқтаған.
“Қазіргі таңда Ассоциация құрамында 250-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді, сондай-ақ 70-ке жуық арнайы техникалық құрал-жабдық бар. Біз газификацияның толық циклін — жобалаудан бастап, газ құбырларын салуға, газды тасымалдау мен жеткізуге дейін жүзеге асыруға мүмкіндігіміз бар”, - дейді Молдияр Нұрбаев.
Молдияр Нұрбаевтың айтуынша, компания 25 жыл бойы тұрақты түрде әлеуметтік осал топтарға газдандыру бойынша жеңілдіктер ұсынып келеді. Мәселен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тегін болса, «Алтын алқа» анасының балаларына 50% , Ауған соғысының ардагерлері, 1-2 топ мүгедектері, «Күміс алқа» анасының балаларына 30% жеңілдік қарастырылған.
Газ шаруашылықтарының қауымдастығына кіретін бұл ассоциация мемлекет есебіне жылына 228 миллион астам тенге салық төлейді.
Айта кетейік, Молдияр Қылшықұлы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, балалар үйіне, мүгедек жандарға ұдайы көмек беріп келеді. Сондай-ақ ол түрлі мәдени, спорттық іс-шаралардың тұрақты демеушісі.
Молдияр Нұрбаев жұмыс орындарын ашып, халыққа атқарып отырған ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президентінің наградаларымен және облыстық, аудандық атқару органдарының Алғыс хаттары және дипломдарымен марапатталған.