29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Uaqyt.info
Фото
Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
“Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.
Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсетілетінін жеткізді.
Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты”, - деп жазды Берік Уәли.