30 млн теңге: Ақша жымқырған тағы бір бухгалтер ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Байқоңырда жұмысшылардың ақшасын жымқырған бухгалтер ұсталды. Ол қызметкерлердің жалақысын өсіріп көрсетіп, үстіндегі ақшаны қалтасына басқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Күдікті Қазақстан азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қаладағы қазыналық кәсіпорындардың бірінің есепшісіне қатысты қылмыстық істі жолдады. Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-тармағы “Адамның қызметтік бабын пайдаланып жасаған алаяқтық” бойынша іс қозғалды”, – делінген хабарламада.
Күдікті әйел осы бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.