Monday, 25 November,2024

30 жылда жеткен жетістік: Жетісу облысында қираудың алдында тұрған әкімдік ғимараты жұртты шошытты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Жетісу облысы, Сарқан ауданындағы Аманбөктер ауылының әкімдік ғимараты құлаудың шақ алдында тұр. Қирап қалған нысанды Самал Қабышева әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбада ауыл тыныс-тіршілігімен мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаевтың танысқаны жазылған. Сол сапар барысында мұндағы басты мәселелер бүкпесіз көрсетіліпті.

Ауылға жаңа сайланған әкім Шырынгұл Батайқызы тозығы жеткен ғимаратта 9 қызметкерімен жұмыс істеп отырғанын айтқан.

"Әкімдік ғимараты осылай болса, басқа жайлы айтудың өзі артық-ау. Халыққа қызмет көрсетіп, жағдай жасайтындардың өзі осындай жерде отырса, өз мәселелерін шеше алмаса, халықтың мәселесін қалай шешпек", - деп жазады Самал Қабышева.

Желідегі жұрт та бұл жағдайға жаға ұстап отыр.

Ұсынылатын