Wednesday, 27 November,2024

300 миллион теңгенің үйінде тұратын танымал блогер некесіз туған қызына 15 мың теңге алимент төлейді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал блогер Дархан Жолшыбековті танымайтын адам кем де кем шығар. Әлеуметтік желіде миллиондарды шашып, қазіргі әйелі Дариғаға көптің түсіне де кірмейтін қымбат сыйлықтар сыйлайтын ол некесіз туған қызына көмектеспейтін болып шықты. Блогер кіріс көзін 60 мың теңге деп көрсетіп, сот арқылы 5 жастағы қызына айына 15 теңге ғана алимент төлейді екен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атышулы тақырып осыдан аз уақыт бұрын әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Дарханның бұрынғы махаббаты Айдана Сапарбекова блогерден қыз туып алдым деген еді. Бірақ Дархан Жолшыбеков қыздың жүкті болғанын ести сала ат-тонын ала қашқан.

“Бір кафеде даяшы болып жұмыс істеген едім. Сол жерде танысқанмын. Бір шағын ауданда тұрады екенбіз. Мені күтіп алып, үйге дейін жеткізіп тастап жүрді. Үйленемін, аяғым ауыр болады деп жүргенбіз. Танысқаннан кейін бір айдан кейін жыныстық қатынасқа түстік”, - дейді Айдана Сапарбекова.

Ел аузында жүрген атышулы тақырыпқа  “Көреміз” бағдарламасы араласып, істің мән-жайы студияда ашық айтылды. Сөйтсек Дарханның 5 жастағы қызы эхолалия диагнозына шалдыққан екен. Бірақ науқас қызына Дархан айына тек 15 мың ғана алимент төлейді.

«Ақыл-есі дұрыс. Тек сөзге толығымен жауап бермейді. Сұраққа сұрақ қояды.Бұл дегеніміз – эхолалия диагнозы бар деген сөз. Яғни не сөйлеп жатқаныңызды толығымен түсінбейді. Оған сөздер жаңғырық болып естіледі. Қазір бұл балаға жалғыз логопедтің ғана емес, дефектологтың, сосын психологтың көмегі керек. Бассейнге апарып, узиге түсіру қажет. Туған кезде анасы дұрыс қарамағандықтан гипоксия болған шығар. Кислород дұрыс бармағаннан кейін миында қан толық айналмайды», - дейді логопед Қаламқас Асқарқызы.

Қазір бұл іске заңгерлер араласып, Дарханды сотқа бермек. Әзірге бұл тақырыпқа қатысты атышулы блогер тіл қатқан жоқ.

 

Ұсынылатын