34 адам қаза тапты: Алжирде орман өрті өршіп тұр
Uaqyt.info

Алжирде аптап ыстықтың салдарынан орман өрті өршіді. Қаза тапқандардың саны 34 адамға жеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, қызыл жалын 11 аймақты шарпыған. Қазіргі таңда өрттен 34 адам қаза тапқан. Ел билігі тілсіз жаумен күресуге тікұшақтардың тартылғанын жеткізді. Алжирде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.