4 пайыздық жеңілдетілген несие тоқтауы мүмкін
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық жеңілдетілген несие тоқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Жалпы, кез келген бағдарлама бар қаражаттың шеңберінде іске асырылады. Қазір жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қосымша қаражат бөлу қазынадан қарастырылып отырған жоқ. Басында «Оператор-РОП» арқылы 100 миллиард теңге бөлінді. Оған 13 мың қазақстандық көлік алды. Одан соң бұл бағдарлама револьверлі түрде жұмыс істеді. Қазір енді қоғамдық көліктің тозғандығына байланысты қаржыны соған қайта бағыттау қарастырылып отыр. Біздің мақсат – қолдағы бар ақшаны мүмкіндігінше тиімді пайдалану. Тиімді пайдаланудың бір жолы – күнде 9 миллион 300 мың қазақстандықтың қолданып жатқан қоғамдық көліктерін жаңғырту”, - деді министр.