Sunday, 24 November,2024

4 жұмысшы ауруханаға жеткізілген: Қарағандыда көмір шахтасынан өрт шықты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қарағандыда 227 жұмысшысы бар көмір шахтасынан өрт шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды ​​облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасында конвейер лентасының тұтанды. Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті.

"17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға "КӘАҚҚ" РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда", – делінген жедел хабарламада.

Соңғы дерекке сүйенсек, 224 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған. 4 жұмысшы ауруханаға жеткізіліпті.

Ұсынылатын