Saturday, 23 November,2024

400 млн теңге ұрлаған: Ақтөбеде лудоман бухгалтерге сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото

Ақтөбеде құмар ойынға 400 миллион теңгені салып жіберген мектеп бухгалтері 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

29 жастағы Бекзат Тәженов гимназия мұғалімдерінің айлығы мен керек-жарағына бөлінген ақшадан жырымдап алып отырған. Ол бұл әдетін 6-7 жыл бойы жалғастырыпты. Осы уақыт аралығында бас есепші бюджеттің 400 миллион теңгеден астам қаржысын үптеп үлгерген. Сотта ол ұрланған ақшаның барлығын құмар ойынға тіккенін мойындады.

“Бекзат Тәженов ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қосымша жаза ретінде қаржылық жауапкершілігі бар жұмысқа он жыл уақытқа алынбасын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтесін және 2023 жылдың 16 мамырында қамауға алынған күннен бастап жаза өтеу уақыты есептелсін”, - деді Ақтөбе №2 сотының судьясы Ақмарал Әлиева.

Ұсынылатын