460 мың адам эвакуацияланған: Қытайда қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Қытайдың оңтүстік-шығысында қатты дауыл дамыл берер емес. Билік елде қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Euronews-тің жазуынша, Қытай билігі "Саола" тайфунының соққысына дайындалуда. Қазірдің өзінде елдің оңтүстік-шығысында 460 мың адам эвакуацияланған.
Билік табиғат апаты Шэньчжэнь және Гонконг сияқты ірі қалаларға әсер етеді деген қауіппен "қызыл" деңгей жариялады.
Сонымен қатар тайфунға байланысты оқу орындары мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатады, жүздеген рейстер тоқтатылады немесе кешіктіріледі, теңіз кемелерінің қозғалысы шектеледі.
Ал халық болса барынша азық-түліктерін сатып алып, бірнеше күндік боранға қам жасап әлек.
Қытай метеорологиясы бұл тайфунды ел тарихындағы соңғы 70 жылда қайта келген ең қауіпті апатқа балап отыр.