Monday, 25 November,2024

5 кеншінің өлімі: Қарағандыдағы көмір шахтасы жұмысын тоқтатты

Алмас Абылай
Фото instagram.com/profsouz_korgay/

Қарағандыдағы "Қазақстан" шахтасында көмір өндіру және тау-кен қазбаларын үңгілеу жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы көмір өндірушілердің "Қорғау" кәсіподағы хабарлады.

"Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі жұмыстарды тоқтата тұруға байланысты босап қалған 600-ге жуық жұмысшы көмір департаментінің басқа шахталарына жұмысқа орналастырылды. "Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясының басшылығымен жұмысын ауыстырған қызметкерлерге ақы орындаған жұмыс көлеміне қарай төлеуге, онда да орташа жалақыдан төмен болмауға уағдаласты", делінген хабарламада.

Еске салайық, аталмыш кен орнында 17 тамыз күні апат болды. Салдарынан 5 кенші көз жұмған еді.

Ұсынылатын