Friday, 22 November,2024

5 жасар қыздың өлімі: Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылмақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жоғарғы сот Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімінен кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселені қозғады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жоғарғы сот тарапынан үстіміздегі жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 5 жасар қыздың өліміне басты күдікті ретінде танылған азамат бұған дейін 10 жыл жазасын өтеп келген. Кейін мамыр айында ауылдасын балтамен ұрып денсаулығына ауыр зиян келтірді. Бірақ тұрғынға сот 3 жылға бас бостандығын шектеу шешімін кескен болатын.

Ұсынылатын