Monday, 16 September,2024

50 адам қаза тапты: Пәкістанда жанкешті лаңкес мешітте жарылыс жасады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Пәкістанның Белуджистан провинциясында теракті болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты. Жанкешті лаңкес мешіт маңында жарылыс жасаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

BBC News басылымының жазуынша, жарылыс Мұхаммед пайғамбардың туған күні болған. Мешітке ағылған жамағаттың ішінен 50 адам қаза тауып, ондаған адам түрлі дене жарақатын алды. Қазір елде төтенше жағдай режимі енгізілді. Ал жарылысты әзірге ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, сол аралықта Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Пешавар қаласына жақын жердегі мешітте тағы бір жарылыс болды. Әзірге ол жақтағы адам шығыны белгісіз, полицейлердің хабарлауынша, бірнеше адам шатыр құлағаннан кейін үйінді астында қалған болуы мүмкін.

Ұсынылатын