Saturday, 23 November,2024

50-ден астам азаматты сан соқтырған павлодарлық әйел ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

50-ден астам азаматты алдаған павлодарлық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері көрші мемлекеттегі әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстады.

 – 2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазан айына дейінгі уақыт аралығында 47 жастағы павлодарлық әйел бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу сылтауымен жалпы сомасы 400 млн теңгедей қаражатты иеленгені анықталды. Қазіргі уақытта “қашқын” Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кету керек, криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Ұзақ уақыт бойы ақпарат жинау және нұсқаларды қайта қарау, сайып келгенде, қылмысты ашумен аяқталады. Тек осы жылы Павлодарлық жедел уәкілдер 155 қылмыскерді іздеп тапты.

 

 

Ұсынылатын