Saturday, 23 November,2024

50 миллионды ысырап қылған: Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары елге Грузиядан экстрадицияланды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Халықаралық іздеуге жарияланған экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 12 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бас Прокуратура дерегіне сүйенсек, Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 миллион тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырған.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді.

Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ұсынылатын