Monday, 16 September,2024

500 мың теңгеге талас: Жеті тұрғын "ең жалқау адам" атағын алу үшін 20 күннен бері төсегінде жатыр

Алмас Абылай
Фото Stevo Vasiljevic/Reuters

Черногорияда "ең жалқау адам" атағы үшін жарыс өтіп жатыр. 20-шы күнге жалғасқан додада жеті адам әлі төсектен тұрмаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы CNN жазды. Дерекке сүйенсек, аталмыш елде бұл дәстүрлі мереке. Биыл 12 жыл қатарынан өткізілуде. Тіпті осындай ойындардан Еуропа халықтары санасында Черногориялықтарды әлемдегі ең жалқау ел деген пікір қалыптасқан.

Десе де черногориялықтар бұған мән берер емес. Қатысушылардың жеңімпаз атанамыз деген ниетпен жатқанына 20-шы күн.

Тіпті ұйымдастырушылар 463 сағат бойы төсектерінен тұрмаған 7 адамды жалқаулық рекордын орнатты деп жар салуда.

Жарыстың ерекшелігі қомақты жүлдесінде. Яғни жеңімпаз 1000 евро алады. Бұл Қазақстан теңгесімен шамамен 500 мың теңге.

Әзірге жарыстың тағы қанша күнге созылатыны белгісіз.

Ұсынылатын