Monday, 25 November,2024

55 жастан кейін кімдер зейнетке шыға алады? Министр жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Зейнетке ерте шығатындар қатарына шахтерлер, металлургтер, рентгенологтар және зиянды еңбек жағдайында қызмет етіп жүрген басқа да мамандар енеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы елордадағы жоғары білім және ғылым форумынан кейін Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты

«Жұмыс тобы ортақ консенсусқа келді. Премьер-Министр (шахтерлердің) 55 жастан зейнетке шығуы, кемінде 7 жыл еңбек өтілінің болуы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының аударылуы сияқты алғашқы параметрлерді жариялап үлгерді. Сондықтан қазір бұл жұмыс аяқталып келеді. Бұл тұрғыда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан адамдардың саны жайында толық мәлімет береміз. Осы санатта тек кеншілер ғана емес, сонымен қатар басқа салалардағы металлургтер, денсаулық сақтау саласындағы рентгенологтар, МРТ-да жұмыс істейтіндер бар. Себебі осы адамдар да медицина саласында күн сайын денсаулығына зиянды жағдайда қызмет етіп жүр. Тиісті еңбек өтілі болған жағдайда шахтерлер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін. Қазір бұл өзгерістер 2024 жылдан бастап күшіне енуі ықтимал. Бұл ретте қаржыландыру көлемі есептеліп жатыр. Бұл мәселе шешілді, барлық негізгі шарттар, параметрлер кейінірек толық жарияланады», - деді Тамара Дүйсенова.

Ұсынылатын