- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- 55 жасында не іздеді? Абай облысында әйелдерді киімінің астынан суретке түсірген ер адам анықталды
55 жасында не іздеді? Абай облысында әйелдерді киімінің астынан суретке түсірген ер адам анықталды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Абай облысында әйелдерді көйлегінің астынан суретке түсіріп жүрген ер адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ер адамның ерсі әрекеті әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан киім дүкенінде алаңсыз тұрған әйелдің көйлегінің астын суретке түсіргенін байқайсыз. Мұнан кейін ер кісі бірден басқа жаққа кетіп қалады.
Кейіннен полиция күдіктіні анықтады. Ол 55 жастағы Семей тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Материал шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.