Saturday, 23 November,2024

57 млн теңге ұрлаған: Ел спортын басқарған Оралбай Жақсымбетов ұсталды

Uaqyt.info
Фото

«Ақжайық» футбол клубының сенімді басқарушысы және «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК басшысы Оралбай Жақсымбетов аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеуді  БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ведомство мәліметінше, Оралбай Жақсымбетов 2021-2022 жылдары түрлі қитұрқы әрекеттері арқылы  57 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлаған. Қазіргі уақытта ол соттың шешімімен қамауға алынды.

Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Artsport» бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге «Ақжайық ФК» ЖШС-не бөлген. Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексеріліп, жымқырудың қосымша эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұл қызметке Оралбай Жақсымбетов 2022 жылдың қазан айында тағайындалған болатын. Күдікті 1979 жылы БҚО-да дүниеге келген. Ол көптеген жылдар бойы спорт саласында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Ұсынылатын