Saturday, 18 May,2024

57 жастағы Майк Тайсон рингке оралды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Әлемге “Темір Тайсон” атанып кеткен әйгілі боксшы Майк Тайсон рингке қайта оралды. Бұл жолғы оның қарсыласы - кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ел күтіп жүрген тарихи жекпе-жек 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатында өтеді.

Айқастың тікелей эфирін таратуды Netflix платформасы өз мойнына алған.

Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтаған болатын.

Ол рингте 50 рет жеңіс тұғырынан көрінсе, 6 рет жеңілістің ащы дәмін татқан.

Тайсон WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы болды.

Ұсынылатын