Saturday, 23 November,2024

58 жастағы науқасқа шошқаның жүрегі салынды

Алмас Абылай
Фото vademec

АҚШ-та осымен екінші мәрте күрделі операция сәтті аяқталып отыр. Яғни ғалымдар шошқа жүрегін адамға салған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шетелдік БАҚ жазуынша күрделі ота сәтті өткен. Отаны Мэриленд университетінің медицина мамандары жасаған. 58 жастағы науқас Лоуренс Фоссетке жүрек-қан тамырлары және ішкі қан кету диагнозы қойылған.

Дәрігерлер науқасқа адамның жүрегін салуға болмайды деген қорытындыға келген. Осылайша оған шошқаның жүрегін салғаннан кейін Фоссеттің жағдайы жақсарған.

Науқас қазір арнайы құрылғысыз, өз еркімен демала алады.

Еске салайық, ең алғашқы операция былтыр 57 жастағы адамға салынды. Бірақ науқас операциядан кейін араға 2 ай салып қайтыс болды.

Ұсынылатын