- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- 60%-ға жуығы бала тәрбиесіне келгенде көмекке мұқтаж: Министрлік мектепте ата-аналарға арналған академия ашпақ
60%-ға жуығы бала тәрбиесіне келгенде көмекке мұқтаж: Министрлік мектепте ата-аналарға арналған академия ашпақ

Оқу-ағарту министрлігі қыркүйек айынан бастап мектептерде ата-анаға арнайы академия ашуды жоспарлап отыр. Онда бала тәрбиесі жайлы дәріс жүргізілмек, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы министр Ғани Бейсенбаев Үкімет сағатынан кейін айтып берді. Сөзіне сүйенсек, елдегі оқушылар ата-анасының 60 пайызы бала тәрбиесіне келгенде психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж екен.
"Тәрбие отбасында басталып, мектепте жалғасатындықтан ата-аналарды қолдау мақсатында қыркүйек айында ата-аналар академиясын құруды ұйғардық. Осылайша ата-аналарды кезең-кезеңімен оқытамыз. Қазір біз әдістемелік құралдар әзірлеп жатырмыз. Педагогикалық қауымдастық шұғыл түрде ата-аналарға жүгініп, балаларымызды бірге дұрыс тәрбиелеуге көмектесуі керек",- дейді министр.
Сонымен қатар ол ақпараттың физиологиялық және психологиялық сұранысқа сай болуы үшін мамандар ата-аналарға балаларының жас ерекшеліктеріне назар аударып, тренингтер мен кеңестер жүргізетінін атап өтті.