Friday, 22 November,2024

“60 млн теңге пара алған”. Шымкентте әкімнің орынбасары ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Шымкентте аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шенеуніктің ұсталғанын өзінің Facebook-тегі парақшасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент бастығы Дәурен Ерғарин жазды. Онда аудан әкімі орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны баяндалған.

“Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн. теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде. Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды”, - деп жазды Дәурен Ерғарин.

Ұсынылатын