Saturday, 5 October,2024

67 млн теңге жымқырған: Шымкентте мектеп бухгалтері күдікке ілінді

Uaqyt.info
Фото pixabay

Шымкентте мектептің бас бухгалтері аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Істі антикор тексеріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Шымкенттегі №138 мектептің бас бухгалтері мемлекеттен бөлінген 67 миллион теңгені жымқырған. Ол үш жылдың ішінде қомақты соманы қалтасына басып, ақшаны өз керегіне жаратыпты. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Олжас Тобашов мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

«Тергеу барысында бас бухгалтердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауына бірқатар жағдайлар ықпал еткені анықталды. №138 мектептің директоры электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП)  қолдана алмаған және цифрлық жұмысты өз қызметкеріне тапсырған. Күдікті басшы тарапынан тиісті бақылау деңгейі жоқ екенін білген және мемлекеттік қаражатты өз қалауы бойынша қажеттіліктеріне жұмсаған»,- деді Олжас Тобашов.

Ұсынылатын