Sunday, 8 December,2024

679 миллион теңге қайтарылады: Қайрат Боранбаев сотта жеңіске жетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев сотта жеңіске жетті. Енді сот шешімі бойынша Астанада үйлер салған құрылыс компаниясы оған 679 миллион теңге төлеуі тиіс, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сот кабинетіндегі іс материалдары бойынша Боранбаевтың 2021 жылы Астанада жеке тұрғын үй құрылысын салуға мердігер ұйыммен келісім-шарт жасасқаны айтылады. Алайда кәсіпкер келісім-шарт талаптарын бұзып, 679 035 008,63 теңгені өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Талапкер сапасыз жұмысты, жұмыс кестесінен кешіккенін, сондай-ақ талап қоюшы шұғыл ұйымдастыру-техникалық шараларды қабылдау қажеттілігі туралы бірнеше рет жолданған хабарлама жолдаса да, жауапкер тиісті әрекет жасамаған.

Іс матераилдарына сәйкес кәсіпкер 170 миллион теңгеден астам сомаға атқарылған жұмысты жарамды деп тануды, сондай-ақ Боранбаевты 100 млн теңге көлемінде тауарлық-материалдық заттар мен 73,9 мың еуро шамдарды қабылдауға міндеттеп қарсы талап арыз берген.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2023 жылғы 9 қарашадағы шешімімен Боранбаевтың талап арызы қанағаттандырылды.

Сот құрылыс келісімшартын бұзу, мердігерден Боранбаевтың пайдасына 679 млн теңге сомасын және мемлекеттік бажды төлеуге кеткен 6 793 414 теңге шығынды өндіру туралы шешім қабылдады.

Мердігердің қарсы талап арызы қанағаттандырылмады, кейін компания өкілдері апелляциялық шағым түсіріп, онда сот шешімін бұзуды және істі басқа құраммен бірінші саты бойынша сот талқылауына жіберуді сұрады.

Алайда Алматы қалалық соты Медеу аудандық соты шешімді өзгеріссіз қалдырып, мердігердің шағымы қанағаттандырылмады.

Ұсынылатын