680 млн теңге жымқырған: Іле ауданы білім бөлімінің басшысы ұсталды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Іле ауданы білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Онда білім бөлімінің басшысы іс жүзінде қызмет көрсетпеген адамдарға жалақы тағайындау арқылы ірі көлемде қаржы жымқырғаны туралы айтылған. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.